|
Саметова Жанагуль Чингизхановна, учитель
казахского языка
Саметова Жаңагүл Шыңғысханқызы –
қазақ тілі пәнінің оқытушысы, филология ғылымдарының
магистрі.
«Ұстаз болу – өз уақытын аямау,
өзгенің бақытын аялау» деген екен Ж.Ж.Руссо, себебі бала
бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік,
ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Сол
үшін де мен өзіме жүктелген міндеттің, мамандықтың салмағы
қаншалықты ауыр екендігін білемін. Менің арманым ұстаздық
жолда, Тәуелсіз Қазақстанымызды әлемге танытатын адал да
саналы шәкірттер тәрбиелеу. Мені қуаттандыратын ақын
Ғ.Қайырбековтің мына бір өлең жолдары:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы |